Меню KDT

«Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі кезіндегі туындайтын қиындықтар

Әлемдік  жанұя  күніне  орай  өткізілген  ата – аналар  конференциясы


Әлемдік  жанұя  күніне  орай  өткізілген  ата – аналар  конференциясы

«Бірінші  сынып  оқушыларының  мектепке  бейімделуі  кезіндегі  туындайтын  қиындықтар»


мектепте  2015-2016  жылғы   жоспарына сай   « Бірінші сыныпқа  келген оқушылардың мектепке бейімделуі» -тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.Бұл шараның өткізілу себебі жанұямен мектеп арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту. Жиналысқа  барлығы 125 ата –ана  келіп қатысты. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау үшін мектеп директоры Қабылова Нұрсұлу Қолжігітқызына сөз берілді.

Құттықтау  барысында мектеп табалдырығына алғаш қадам басып отырған  бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын құттықтай  отырып,  отбасымен  мектеп  арасындағы  жауапкершіліктерге  тоқтала  кетті. Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Бәкенова А.С. бірінші сыныпқа келген оқушылардың мектепке, мұғалімге бейімделуі  мақсатындағы өткізілген   іс-шаралармен таныстырды. Өткізіліп  отырған  іс – шараға  орай  Білім  басқармасынан  келген  «Педагогика  және  психология  пәндерінің  әдіскері» Садвакасова  А.А  бірінші  сыныпқа  келген  оқушылардың  бейімделуіне  арналған  презентациялар, трейнингтер жәнеде  видеороликтер  көрсетіп, ата – аналарға  көптеген  ақыл – кеңестер беріп өтті. Мектеп психологтары Рахимбаева С.О,Байконырова Б.Т,Соколова О.С бірінші сынып оқушыларынан алдын ала « Мектепке бейімделу»- диагностикасының жүргізілгенін атап өтіп,балалардың «Менің гүлім» тақырыбына салған суреттерін ата-аналарына ұсынды. Видеороликтер көрсетіліп,буклеттер таратылды.


Комментариев нет
Просмотров: 199
Автор: 18mektep
Сайт: www.18.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.09.2015 в 00:00