Меню KDT

«Абай мұрасы-халық қазынасы»

8  қазан күні мектеп кітапханасындағы оқу залында «Абай-дана, Абай дара қазақтың» атты мәнерлеп оқу сайысы болды.  Абайдың 170 жылдығына орай  және тіл мерекесіне арналған іс –шара еді. Аталған мерекеге қазақ тілі және қазақ әдебиетінің бірлестік жетекшісі Нурекенова А.А. мен жауапты қазақ тілі пәнінің оқытушысы Турымтаева Л.К., кітапханашы Гайсина Г.К. және 7-8 сынып оқушылары да белсене қатысты. Мәнерлеп оқу сайысында ұлы  Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін өте тамаша оқып көзге түсті. Атап айтсақ, 8 А сынып оқушысы  Толеген Батырханның   Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай...» атты өлеңін домбырамен шырқап  берді.

Кітапханада «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты кітап көрмесімен қатар стенд-газет жасалып, оқушылар назарына ұсынылды.   

  

 



Комментариев нет
Просмотров: 144
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.10.2015 в 08:05