Меню KDT

Қамқоршылар күні

 «Мейірімі  мол  жандар » атты концерттік  бағдарлама


 

        Астана  қаласы №18 орта  мектебінде   10.10.2015ж « Қамқоршылар  күніне»  орай  арнайы  «Мейірімі  мол  жандар » атты концерттік  бағдарлама  ұйымдастырылды. Халқымыз  қашанда  өз  қанынан  жаралған  ұрпағын  жатқа  бермейтіндігінен  ғана  емес өзгенің де  жетім  қалғанын  көген  көздерін  де бауырына  басып, жүрек  жылуын  аямайтын  дархан көңілі  мен  де  ерекшеленген. 

Оған  дәлел  сонау  19 ғасырдың  ашаршылық  жылдарындағы  оқиғалар  мен  Ұлы  Отан  соғысындағы  жер  аударылып  келген  өзге  ұлт  балаларын жетімсіретпей  бауырына  басқандығы  дәлел. Міне  бүгін  осындай  батыл  қадам  жасап  бала  тәрбиесіне  үлкен  үлес  қосып  көпшіліктің  алғысына  бөленіп  жүрген  ата – аналарға  арналып  Қазақстан  Республикасында  2011 жылдан  бастап «Қамқоршы  күнін» мерекелеу  дәстүрге  айналды.

Бақыт  деген  сенің  бала  күндерің

Бақытсыз – ақ бақытты  боп  жүргенің.

Бақытында  басқасында  білмеуің

Бақытсыз – ақ ойнағаның  күлгенің.

демекші  аялы  алақандарыңызды  созып,  балғын  бөбектерге  адамдық  мейірімділік пен  жомарттық  танытып жүрген  ата – аналар  санаулы.

 Әке  орнына  әке , ана орнына  ана  болып  жүрген  әрбір  мейірімді  жандарға  өз  алғысымызды  білдіреміз.  Бүгінгі  біздің  мерекемізге  Бас  Татьяна Юрьевна, Лолохаева  Лидия, Улитина Полина Владимеровна, Тыныбаева  Салиман, Алиева  Мариям, Репина  Светлана, Макуха  Мария Викторовна  келді. Балаларға  сыйлықтар  таратылып, ата – аналарына  тәттілер  берілді.

 


Комментариев нет
Просмотров: 285
Автор: 18mektep
Сайт: www.18.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.10.2015 в 00:00