Меню KDT

«Өмірмен үндес асқақ жырлар» Ақын Мұхтар Шаханов Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп- гимназиясында

     Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны», Түрік республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін», Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО- ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері еліміздің танымал ақыны Мұхтар Шаханов №2 мектеп-гимназиясының 20 қазан 2015 ж. күні құрметті қонағы болды.
Ақынмен ілесіп келген сенімді өкілі,  «Жалын» журналының директоры Мұхамеджанов Ерғали Сапарғалиұлы, «Жалын» журналының кітап бөлімінің басшысы Ахметова Сауле, сонымен қатар кездесуге қатысқан «Өрлеу» БАО әдіскері Ғалымжанов Баянғали, Білім басқарамасының әдіскері Баяхметова Күнімбала Ізтілеуқызы кештің қадірмен қонақтары болды. Ақын қонақтармен бірге мектепте ұйымдастырған Ғафу Қайырбековтың мұражайына кіріп, «Тілек кітабіне» өз қолтаңбасын қалдырды. 
  Ұстаздар және оқушылармен бірігіп ұйымдастырылған «Өмірмен үндес асқақ жырлар» атты іс-шара мектептің мәжіліс залында өтті. Ақынды асыға күткен оқушылар мен ұстаздар жылы ықыласпен қарсы алды. Кездесу барысында М.Шаханов өлеңдері мен әндері шырқалып, кеш көңілді өтті. Ақынның өз өмірінен қысқаша айтқан қызықты әңгімелері және жазған туындыларынан үзінділерді отырған қауім бар назарымен тыңдап, өмірі мен шығармашылық еңбегі туралы сұрақтар қойылды.
  Ұстаздар мен оқушылар ақынның жаңа туындыларына өз қолымен жазып берген жылы тілектер мен  қолтаңбасын алды. Кеш соңында Мұхтар ағаға, ортамызға келіп, бізді жалынды жырларымен рух берген үшін алғыс айтып Жылдарыңызбен жемісті, айларыңыз арайлы, күндеріңіз көңілді. Қазағымыздің  бағына ортамызда қажымай – талмай жүре беріңіз!!!

Комментариев нет
Просмотров: 194
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.10.2015 в 11:00