Меню KDT

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.

          Мақсаты: Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

      Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада жинақталған суреттер, қанатты сөздер


Мақсаты: Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

      Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада жинақталған суреттер, қанатты сөздер. Барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Мұғалім : Қазақтың монологы

Иә ,Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлап елдікке ерен еңбекпен қол жеткізген «Елбасы күнін», айта берсем азат елімнің азат таңында өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!…Осы күнге жету үшін не өтпеді басымнан,не өшпеді жылдарда қалған жадымнан…

Көкбөріден жаралып,Жер Анадан нәр алып таза тұнық қаным пайда болды. Хандық құрып «жақсылармен» бауыр боп,»жамандарды» аластаттым. «Шоқан» боп тудым жұлдыздай, »Абай»боп тудым дана болып, надандарға қапа болып, «Ыбырай»боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік аштым. «Алаш»болдым арыстандай ақырып,жолбарыстай жақсы істерді жапырып. Сол жылдары ауыр болды,Ресейдің қабағын торыдым,бұйрықтары құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім. ІІ Дүние жүзілік  соғыста құладым , жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым,рух шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп  Рейхстагқа ту тіктім.

Әрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,  ұрпағым болғасын Ресейден 1986жылы «Қайрат пенен Ләззат» боп барша жастарды жинап желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым.

Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.

Қанша ауыр болса да бәрі есімде, ұмытуға хақым жоқ. Дегенмен, «уақыт емші» дегені рас екен даналарымның, жүректі сыздатқан жараларымды жазып, жарқын болашаққа үлкен үміт сыйлады. Себебі, еңселі елімнің  бағына бұйырған Елбасым бар, дұшпанымнан досым көп.

Тәуба, Егеменмін, еркінмін, болашаққа шексіз жол салдым, бекіндім.

Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі» бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!

 

 («Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.)

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші: Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары,

Қатпарында қаншама сыр тықпады?

Шежіренің беттерін ашар о да,

Оқи алсаң кітаптай , сүртіп қанын.

1-жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн , бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар қоңтайшыларының басқыншылық әрекеті еді.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күресі барысындағы өте елеулі оқиға –Аңырақай шайқасы. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. («Көшпенділер» фильмінен көрініс)

1-оқушы:Ықпаған ығыр заман ыңғайына,

Бозторғай ұя салған таңдайына.

Үш бидің тастап кеткен өсиеті,

Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.

2-оқушы: Төле бидің монологы:

«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.»

1-жүргізуші: Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктерген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.

 

3-оқушы:

Абылай: Азаттық жолы азапты,

Төземісің, әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ар-намыс.

Шығарар тардан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы

Болмасын деп қара жер.

Жойқын жаудың жолында.

Жойылмасын деп қайран ел,

Азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің, әлеумет!

5-оқушы:

 

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Күн күркіреп, жалт ойнап, жетті түзге,

Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.

Қойторымен бірақ жүрмін мен әлі.

 

2-жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді.

Ендігі жол –қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер, білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларның жолы. Олардың із ашары –ұлы Абай.

6-оқушы:

Абай монологы: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?...

1-жүргізуші: ХХ ғасыр ұлттың ұлт ретінде өзін тануы, ұлттың болашағы не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.

7-оқушы:Міржақып Дулатов: Адасып қараңғыда сорлы қазақ,

Ай тумай, күні һәм шықпай, бір таң атпай.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жармасты.

 

8-оқушы: Сұлтанмахмұт Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға кірермін.

 

2-жүргізуші: Қазан төңкерісінен кейін ұлт зиялылары не істеу керек, қалай ел боламыз деп ойын он саққа жүгіртіп, алдымен мемлекетімізді құрып алайық, қалғанның бәрін содан соң болады деп Қазақ автономиясын жариялады. Бұл ұлы қадамның көшбасшылары Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай еді.

9-оқушы: Әлихан Бөкейханов:Азаттық таңы оятты,

Тілекке құдай жеткізді.

Күні кеше құл едік,

Енді бұл күн теңелдік

Біздің іздегеніміз Алаштың аты –бәйгеден келгені.

1-жүргізуші:Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады.

1932-1933 жылдардың ашаршылығында,

1936-1937 жылдардың репрессиясында ,

1941-1945 жылғы соғыста ең көп қырылғаны қазақ еді.

1954-1956 жылдары қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері келіп орныңып жатты.

1970-1980 жылдары тілі мен салт-дәстүрінен айырылып, рухани азғындау күшейді.

1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бар-жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Д. Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз біреу

Г. Колбинді отырғызды.

Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.

9-оқушы:Қайраттың сөзі: Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, «Еркек тоқты - құрбандық» Атам десең, атыңдар!

 

2-жүргізуші:1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сол кезде «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланып, қазақ жастарына «нашақорлар», «маскүнемдер» деген айып тағылды. Осы әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың патриот ақындары

 

 

 

болды.

10-оқушы: Мұхтар Шаханов: Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын, айналайын , жас өркені халқымның.

Өсер ұлдың қай сәтте де берік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

1-жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген 22 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерд, өзіндік даму жолын талдап жасады.Елдің әлеуметтік , саяси экономикалық дамуындағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден –бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді.

 

10-оқушы: Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,

Өркендей түс , аяқталды тозақты күн!

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...!

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

2-жүргізуші: Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым , өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Жаса, жаса мәңгіге туған елім!

 

Ән: Туған өлкем

 

Оқушылар хормен:

Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз, Әзірге маңдайдағы құндызымыз. Арасын жермен көктің жалғаушымыз, Ертеңі жарқыраған жұлдызымыз

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 803
Автор: 45mektep
Сайт: www.45.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2015 в 17:25