Меню KDT

1 Декабря

1 Декабря


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс шаралар.

Мектебімізде Елбасы күні қарсаңында көптеген іс шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың   бойында патриоттық сезімдерін оятатып, өз отанын қалтқысыз сүйетін азамат етіп тәрбиелеудеміз. Осыған орай ұйымдастырлыған сынып сағаттары, саптізбе, сыныптан тыс шаралар, сонымен қатар әр түрлі сайыстар ықпал еткеніне сеніміміз мол. Себебі шәкірттеріміз аталған іс шараларға белсене атсалысып қатысып, өз өнерлерін аянып қалмады. Кейбір оқушыларымыз жаңа қырынан танылып, таңқалдырып жатты.

21 қараша мектебімізде «Спорт, здоровья и физкультура – это лучшая культура» атты акция ұйымдастырылды.


 


26 қараша күні «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы» атты сынып сағатын Г.А.Сауранбаева 5Ә сынып оқушыларымен жоғары деңгейде өткізді. Осы сынып сағатында мектеп кітапханашысы А.К.Шаймерденова Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарымен оқушыларды таныстырып, слайт таныстырылым мен бірге Елбасының өмірінен видео үзінділер көрсетті.




Осындай сынып сағатын 5А сынып жетекшісі Миленина Т.Г. өткізді


30 қараша күні «Менің Елбасым»
атты тақырыпта Миленина Т.Г. 5 сыныптарға, Альмухамбетова Г.К. 8-9 сыныптарға, Косанова А.У. 2-4 қазақ сыныптарына саптізбе өткізді.


30 қараша мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен және директордың ТЖ орынбасары Г.С.Альмаханованың ұйымдастыруымен «Қазақстан» тақырыбына үгітбригад сайысы болып өтті. 1-орын 8Б сыныбы. 2-орын 7А сыныбы, 3-орын 6А мен 6Б сыныптары иеленді.



«Бабамнан қалған кең дала» атты Елбасының сүйікті әндерімен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар музыка пәні мұғалімі Мусабекова Р.М. және ТЖ орынбасары Альмханова Г.С. Оқушылар өздерінің Елбасына деген алғыстарын әнмен жеткізді. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз тек қана көшбасшымыздың саналы да салиқалы саясатының арқасы екеніне оқушыларымыз тағы да бір көз жеткізді.

  


Комментариев нет
Просмотров: 405
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.12.2015 в 10:00