Меню KDT

16 Декабря

16 Декабря


16- желтоқсан Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында №23 орта мектебінің қабырғасында көптеген мектепішілік іс шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатыын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылды.

«Өз Отанымды қалтқысыз сүйемін» атты сынып сағаттарын 6 В,Г сынып жетекшілері А.А. Ахметжанова мен Л.Т.Саменова өткізді. Қонақ ретінде ата-аналар шақырылды.




5Ә сынып жетекшісі Г.А.Сауранбаева мен кітапханашы А.К.Шаймерденова 5-7 сынып оқушыларына көп мағлұматты саптізбе өткізді. Оқушылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын белсенді тақта арқылы көріп, көздеріне жас алды. Тәуелсіз тағдырымыз тегінде қалай келгеніне тоқсталып, мұғалімдеріміз өте кең мағынада баяндамалар жасап, оқушылар өлеңдер оқыды.


«.....Көк тудың желбірегені» атты спорттық сайыстар Ф.С. Смагуловтың басқаруымен өтті.


Мектебіміздің үйірме жетекшілері Тәуелсіздік күніне арнап мерекелік іс шара ұйымдастырды.






Комментариев нет
Просмотров: 404
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.12.2015 в 13:00