Меню KDT

1 Қыркүйек


1 қыркүйек білім күніне арналған – жүректен шыққан жылы лебіз
№23 орта мектебінің бастауыш білім беру мұғалімі Тоқжұман Назгүл Сайлаубекқызының арнау өлеңі.
Бүгінгі күн шаттыққа толы нұрлы күн,
Әр шәкірттің асыға күткен ұлы күн.
Алғашқы қоңырау, алғашқы сыңғыр үнімен,
Әр баланы мектепке ертер жаңа күн.
 
Шәкірттер қуана мектепке қарай асығар,
Аяулы мектеп, ардақты ұстаз қарсы алар.
Шәкірттерімен достарындай сырласқан,
Сенсіңдер, Ұстаздар, мектебімізді жаңғыртар.
 
Сыңғыр үнге жас балалар тамсанды,
Ата-аналар осы күнді аңсады.
Қол жеткізген жетістіктер еленіп,
Келешекке жоспарларда жол салды.
 
Жас мамандар қатары да толықты,
Қобалжуды бастарынан өткерді.
Жаңа орта, жаңа сыныптарымен,
Жас мамандар бүгін бәрі танысты.
 
Білім нұры, білім шуағы шашылсын,
Әр оқушы озат оқушы атансың.
Білім жолында талай істер атқарылып,
Білім күні құтты болсын, Ұстаздар!

Білім әлеміндегі  дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күтер салтанатымыз – 1 қыркүйек – «Білім күніне»  арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатыда № 23 орта мектепте уақыты басталды. Биылғы жылы мектеп табалдырығын 106 бүлдіршін алғаш аттады.












Комментариев нет
Просмотров: 612
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.09.2016 в 00:00