Меню KDT

Моя семья

Моя семья


№ 23 орта мектебі бойынша
«Мерейлі отбасы» аясындағы 10 күндік іс-шараға талдау-есеп.

 

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі болып жарияланды. Содан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қолға алынып, осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. Осыған орай бізідің мектебімізде де «Мерейлі отбасы» ұйымдастырылып, ата-аналар белсене қатысып, атаулы  орындарға ие болды.

 

 

Сайыс кезеңдері соңынан әрбір отбасы өз тілектерін жазып, «Ортақ үйімізді» жылы лебіздерге толтырды.



«Ұлағатты отбасы» - Аманбаевтар жанұясы

«Тәжірибелі отбасы»  - Гончаренко жанұясы

«Талантты отбасы» -  Доскараевтар жанұясы

«Шығармашыл отбасы» -  Гончаренко жанұясы

«Дарынды отбасы» -  Исмаиловтар жанұясы

«Креативті отбасы» -  Икаровтар жанұясы  ие болды.



Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған отбасыларымыз, балаларының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Мектеп қабырғасында «Мерейлі отбасы» онкүндігі аясында «Папа,мама и я, дружная семья» атты спорт ойындарынан сайыс өтті.

 

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан да қазіргі таңда оқушыларымызға спортты жанұялық бағытта  көркейтіп, ата-аналармен бірлесіп отбасы күні орайында көңілді старттар ойыны ұйымдастырылып, спорт алаңында үлкен іс шара өткізілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.



5-6 сынып оқушыларымен «Менің отбасым – Бақыт мекені» атты суреттер сайысы өткізілді. Оқушылар сурет арқылы өз жанұясының ауызбіршілігі мен татулығын көрсете білді.

жеңімпаздар дипломмен марапатталды.



Мектеп кітапханасында отбасы күніне орай бұрыш ұйымдастырылды.

«Казахстанкие родители 21 века. Стань примером своему ребенку» атты мектеп психологтарының Республикалық конференция аясында 1 сынып ата-аналарына психологиялық көмек ретінде баяндама жасап, слайд таныстырылым көрсетті..




Комментариев нет
Просмотров: 701
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.09.2016 в 00:00