Меню KDT

Астана жұлдызы

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған екі бірдей ұлттық спорт жарысына өткен сенбі мен жексенбі күндері атсүйер көпшілік куә болды. Сенбі күні  Елорданың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында «Астана жұлдызы» республикалық турнирі тұсау кесті.


Астана жұлдызы жарқырап өтті

          ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған екі бірдей ұлттық спорт жарысына өткен сенбі мен жексенбі күндері атсүйер көпшілік куә болды. Сенбі күні  Елорданың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында «Астана жұлдызы» республикалық турнирі тұсау кесті. Ал, жексенбі күні Астана қаласына таяу Қабанбай батыр ауылы маңында республикалық «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі тамашаланды. Қос шара да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Кәсіптік – техникалық колледж ұжымы мен студенттері ұйымдастырылған іс- шараға толықтай қатыстырылды.

«Астана жұлдызы» атты тұңғыш ұйымдастырылған республикалық турнирді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев салтанатты түрде ашып, өз сөзінде: «Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын қаламызда ұлттық ойындар мен жарыстар бойынша 200-ден аса іс-шара өткізілуде. Енді міне, тағы бір жобаны іске асырып отырмыз. Бүгінгі фестиваль дәстүрлі спорт ойындары мен ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртқан, халыққа рух берген, Тәуелсіздік мерейтойына арналған керемет шара. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады. Елбасымыздың бастамасымен осы «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Құдай қаласа, мұнда қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және өзге де ұлттық спорт түрлерін үйренуге жағдай жасалады. Президентіміз 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осы ретте, Астана қаласының әкімдігі алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаңын салуды жоспарлауда, – деп, әкім мырза «Астана жұлдызы» турнирінің қандай мақсатта ұйымдастырылғанын ашып айтты. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан осы салтанатты ашылуда қалың көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

          

 


Комментариев нет
Просмотров: 280
Автор: prof-tech
Сайт: www.ptk.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.09.2016 в 00:00