Меню KDT

25 жұлдызды күннің ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жұлдызды 25 күннің ашылуы


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "25 жұлдызды күннің" ашылу салтанаты 21 қараша күні Жамбыл орта мектебінде өткізілді. Бұл іс-шараға ұстаздар мен оқушылар толығымен қатысты.Ашылу салтанатын ұйымдастырған тарих пәні мұғалімі С.Н Адраков біраз ақпараттарды интербелсенді тақта арқылы көрсетті. Шара барысында 6 - сынып оқушылар Тәуелсіздік, Отан тақырыбындағы тақпақтарды нақышына келтіріп айтса, мектеп мұғалімі С.М Жармаганбетова "Көк тудың желбірегені" әнін нақышына келтіріп орындады. Сондай-ақ тарих пәні мұғалімі О.Т Карбозов "Қазақстанның тарихи шежіресі" атты слайдтарын ұсынды.Алдағы уақыттарда жоспарға сәйкес бірнеше іс-шаралар өтеді.
  


Комментариев нет
Просмотров: 656
Автор: b068skobilim
Сайт: www.b068.sko-bilim.kz
Добавлено: 30.11.2016 в 00:00