Елбасы үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Афонькино орта мектебіннің ұжымы бас қосып «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін» талқылады.
Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Афонькино орта мектебіннің ұжымы бас қосып «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін» талқылады.
Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді. Мұның барлығы еліміздің әлеуметтік өміріне және білім саласында болып жатқан жаңа үдерістерге оңтайлы ықпал етіп, зор және игі өзгерістер әкелері сөзсіз, - деді мектеп директоры Бекенова Жанна Серкенқызы.
Бүгінде біздің мемлекет жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қоғам күрделенді, ондағы үрдістер де көбейді, көлемдері кеңейді. Оларды тез арада тиімді шешуді өмірдің өзі талап етіп отыр. Әлемде де аз уақыт ішінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Оларды тез қабылдау, түсіну, тиімді шешу жолдарын табу – қоғам талабы. Осылар үшін бүгін біздің де мемлекетіміздің билік тармақтарына оң өзгерістер енгізу қоғам дамуынан туындап отыр. Сөз жоқ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет басқаруды өз қолына алып, абыроймен бүгінде күшті мемелекет, мықты ел құрды. Қазір қоғам өзгерді, біз өзгердік, әлем өзгеру үстінде. Демек, мемлекеттік билікке де басқаша көзқарас керек. Сондықтан, Президент өзінің үндеуінде өз өкілеттілігінің біразын Парламентке, Үкіметке арттыруды көздеп отырғандығын айтты. Бірақ, мемлекетіміздің өзекті мәселелері – стратегиялық даму, ұлттық қауіпсіздік, елді қорғау, сыртқы саясат сияқты бағыттары Елбасының өз қолында болады. Ал, еліміздің халыққа аса қажет экономикалық, әлеуметтік мәселелері Үкіметке беріледі. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, конституциялық талаптарды орындау — осылардың барлығы қоғамымызда іс жүзінде демократияға кең жол ашу болып табылады. Қандай деңгейде, қандай көлемде мемлекетте заң орындалса, сондай көлемде демократия орнады деген сөз. Осының барлығы халық игілігі үшін, әсіресе жастарды осы қоғамдық-саяси жұмыстарға, мемлекет билігіне көбірек тарту, белсенділіктерін арттыру, жауапкершіліктерін өсіру, сенім, қолдау көрсету. Жастардың азаматтық санасын жаңа деңгейге көтеру. Үндеуді жастар арасында түсіндіру жұмыстары біздің міндетіміз, -деп сөзін аяқтады тарих мұғалімі Миронова Галина Федоровна.
Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөліп беруі еліміздегі әрбір органның жауапкершілігін арттырады деп санаймын. Сондықтан қандай болмасын мәселе әр басшының жауапкершілігін арттыру негізінде шешілуі тиіс. Барлық істі үнемі Елбасына жүктей беру әділетсіздік болар еді. Сол себепті, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Жоспарлы шараларды үйлестіру бойынша тың өзгерістер болатынына үміт зор. Бұл өзгеріс Қазақстандағы стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жасалған негізгі қадамдардың бірі боларына сенемін, - деді мектеп ардагері Яфарова Валентина Павловна
Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа бағыты – күшті Президенттік билік, кәсіби Үкімет, жауапты Парламент, сот жүйесі. Осылардың негізінде бізге озық отыз елдің қатарына қосылуға жол ашылды дегені сөзсіз.Президент Үндеуі халық өміріне, аудан-ауылдар өміріне игі әсер етеді деп сенеміз.

Қазақ тілі мұғалімі Валиева С.А
Афонькино орта мектебі