Меню KDT

"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні" бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаты


15 наурыз күні Сомкина Ж.С бастауыш сыныптар арасында "Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні" атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты "Наурыз күні" видеролигін көруден басталды. Оқушылар бір-біріне сәлем беріп, тілек айтып орындарына отырған соң Сомкина Ж.С қазақтың салты бойынша шашу шашып, наурыз көже таратып оқушылардың таң қалдырды. Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысты: тақпақтар айтып, қара жорға биін билеп, наурыз көже компоненттерін және салт-дәстүрлерді, ұлттық ойындарды атап берді. Ұстаз салт-дәстүр, ұлттық ойындар бойынша оқушылардың білімін кеңейте білді. Мысалы: баланы асырап алу дәстүрі, қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі.... Шара барысында оқушылар ұлттық ойындарға (оқтау тартыс) қатысып, жақсы әсер алды. Шара соңында ақ бата берілді. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 и
  
  
  
  
  

  
 


Комментариев нет
Просмотров: 518
Автор: b068skobilim
Сайт: www.b068.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.03.2017 в 00:00