Меню KDT

22 наурыз

22-наурызда Ұлыстың ұлы күнінде Жасқайрат ауылында мектепішілік "Құтты болсын әз-Наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жылына бір-ақ рет келетін дәстүрлі төл мерекесіне орай қатысқан ауыл тұрғындары, ата дәстүрімізді игі тұтқан ақсақалдарымыз да болды. Мерекелік бағдарламада спорттық ойындар да болды. Кір көтеру, арқан тартыс, қол күресі, және тағы басқа ойындарға жүлделер тағайындалды. Сондай-ақ мектеп оқушыларымыздың да өнерлерін ескермесек болмас. Оқушыларымыз би билеп, ән салып халықты қуанышқа бөледі. Осынау бір асыға күткен жайма шуақ ұлыстың ұлы мерекесінде бір марқайып қалғанымыз анық. "Құтты болсын әз-Наурыз" мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.



Комментариев нет
Просмотров: 355
Автор: b1224skobilim
Сайт: www.b1224.sko-bilim.kz
Добавлено: 30.03.2017 в 00:00