ТІМ-нің есебі
Қаратал негізгі мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткізілген тәрбие жұмысының есебі 2016-2017 оқу жылы
Сыбайлас жемқорлық- қоғамды кері сүйрейтін кесел. Ал одан сақтанудың бірден-бір жолы- адамды мектеп қабырғасында тәрбиелеу. «Рухани адамгершілік және ааматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында түрлі жұмыстар жүргізіліп, «Адал ұрпақ»еріктілер клубы, «Парасатты азамат» бұрышы құрылды. Аталған клубтың мақсаты-жастардың бойында өнегелік,жауапкершілік, бастамашылдық, патриоттық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталастық сабақ өткізіліп, мемлекеттік қызметтің ардагерлерімен кездесу,«Біздің таңдауымыз-құқықтық мемлекет» атты дөңгелек үстелдер сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді. Сабақ соңында оқушылар жемқорлықтан туындайтын зардаптың мол екендігіне көз жеткізіп, мұндай кеселге жол берілмеу керек деген ой түйді.Жалпы, өткізілген шаралардың барлығы өскелең ұрпаққа түзу жолды көрсетіп, адал азаматтарды өсіруге болатындығын көрсетті.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Икенов Б.А.