Меню KDT

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампания

Ақпараттық кампанияның мақсаты:кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.


Өткізу уақыты:

2017 жылғы 10 – 21 сәуір аралығы

Ақпараттық кампанияны ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім, ішкі саясат басқармалары, ішкі істер департаменттері, үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары.

          Ақпараттық кампанияның мақсаты:кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

    

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампания жалпы мектепішілік жиыннан басталды. Оқушылар ақпараттық кампания жоспарымен танысты. Осыған байланысты төмендегі іс-шаралар атқарылды.

11-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет», «Интернет пайдасы және зияны», «Бүкіл әлемдік өрмек интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

5-9 сынып оқушылар арасында «Интернет және біз» тақырыбында плакат конкурсы ұйымдастырылды. 4-9 «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында шығармалар сайысы ұйымдастырылды.

 Оқушылар интернет туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.  

"БезОпасный интернет" дөңгелек үстел ұйымдастырылған.

Жыл бойы оқушылардың интернет желісінде ақпараттар іздеу барысында қандай сайттармен жұмыс жасайтындары қадағаланды.

Теги:  интернет, езопасный

Комментариев нет
Просмотров: 984
Автор: b0527skobilim
Сайт: www.b0527.sko-bilim.kz
Добавлено: 13.04.2017 в 00:00