Республиканского литературного конкурса имени Героя Советского Союза, татарского поэта Мусы Джалиля
Укрепление межэтнического согласия в обществе и единства народа Казахстана, содействие формированию казахстанского патриотизма, развитие общественного консенсуса по основополагающим ценностям казахстанского общества;
- сохранение исторического наследия и памяти о Героях Великой Отечественной войны;
- представление широкой общественности взгляда современной молодежи на сохранение мира и согласия в Республике Казахстан и всем мире;
- популяризация творчества великого татарского поэта Мусы Джалиля;
- формирование духовной культуры молодежи через приобщение к традициям художественного литературно-поэтического наследия;
- выявление новых талантов и дарований;
- издание сборника лучших работ.
Татар ақыны Мұса Жәлелдің ерлігі
Сизова Диана Борисовна
Ақындарды болады жер айдауға,
Дарға асып, жалғыз оқпен жайғауға.
Аймен туып, күнмен бірге шығатын,
Ал өлеңін күш жетпейді байлауға.
Сырбай Мәуленов
Мұғаліміміз бір сабақта бізге татар ақыны, Муса Жәлел туралы ақпарат тауып әкелуге тапсырма берді. Оның есімі, неге екенін білмеймін, менің жадымда бірден сақталды.
Ол қандай адам екен, немен белгілі, неге мұғалім бізге сондай тапсырма берді?
Көп ұзамай мен мектебіміздің және ауылдық кітапханаларына барып, кітапханашы апайлардан Мұса Жәлел туралы кітаптардың барлығын алдым. Ақынның қазақ тіліне аударылған шығармалары болмады, сондықтан мен оның орыс тілінде жазылған өлеңдерімен таныстым.
Өмірі мен шығармашылығымен таныспас бұрын мен ол кісінің портретіне қарадым. Қандай әдемі және жас кісі! Кейін оның өмір жылдарына тағы бір рет қарап, ол неше жыл өмір сүргенін санадым, 38-ақ жыл. 38-ақ жыл, өте аз ғұмыр кешіпті ...
Мұса Жәлел жауынгер ақын, ол қазіргі Татарстанның және Кеңес Одағының қаҺарманы, бірақ оның есімі Еуропа елдеріне, Америкаға да белгілі.
Өз елінде, белсенді комсомолшылардың қатарында болған. Соғысқа дейін ақын Орынбордағы «Хусаиния» медресесінде оқыды, 1931 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің әдебиет бөлімін тәмамдады. 1931-1932 жылдары татардың балалар журналдарында редактор болып қызмет атқарды.
1941 жылы Қызыл Әскерге шақырылды. Ол аға политрук лауазымында Ленинградтық және Волховск майдандарында соғысты, сонымен бірге «Отвага» газетінің әскери корреспонденті болған.
Бір жылдан соң Мясной Бор деревняның маңында, ауыр жарақат алып, тұтқынға алынды. Кейін қашып, немістер ұйымдастырған "Идель-Урал" легионына қосылды. Соның құрамында болып, басқа да тұтқынға түскендерге қашуға көмектеседі.
1946 жылы Татарстандағы Жазушылар одағына бұрынғы әскери тұтқыншы Нигмат Терегулов Жәлелдің Моабит түрмесінде жазған өлеңдер дәптерін әкелді. Ол дәптерде алпыстан астам өлеңдер бар еді. Ал тағы бір жылдан соң Брюссельдегі Кеңес одағының консульствосынан Мұсаның екінші дәптері табылды. Ол дәптерді Моабит түрмесінен Мұса Жәлелмен бір камерада отырған бельгиялық Андре Тиммерманс шығарып әкелді. Ақынның басқа да өлеңдер жинақтары болды, бірақ кейбір дәптерлер жоғалып, бізге ең белгілісі тек «Моабит дәптері».
ҚаҺарман ақынның шығармашылығына назар аударсақ оның: «Қасқырлар», «Тағылар», «Түрме күзетшісі», «Тас дорба» сияқты өлеңдері бар, онда ақын фашистердің адам баласына қарсы айуан, зұлым істерін нақты суреттейді.
Оның «Кешір, Отаным»(«Прости, Родина») өлеңін оқығанда, ақынның бостандықта жүрген отандастары оны сатқындар қатарына қосады деп уайымдағаны сезіледі. Осы өлеңде оның жан азабы айқын көрінеді.
Прости меня, твоего рядового,
Самую малую часть твою.
Прости за то, что я не умер
Смертью солдата в жарком бою.
Кто посмеет сказать, что я тебя предал?
Кто хоть в чем-нибудь бросит упрек?
Волхов — свидетель: я не струсил,....
Сонымен қатар, өз отандастарының ерлігі мен ізгілік сипаттарын танытатын: «Аяқсыз адам», «Болады кейде», «Жауызға» өлеңдерін ақын фашистерге қарсы қояды. Соғыстың барлық қияметін бастан кешіп, өзі жауыздардың қолында жатса да, ақын жеңіске шексіз сенеді. Моабит тұтқынында Мұса өмір сүрудің, құтылудың жолын іздейді. Өзінің жолдастарына қажымаудың қажеттігін үйретті.
Ол соғыстан кейінгі бейбіт өмірі туралы мына өлеңдерінде («Соғыстан соң», «Қуанышты қарсы алып», «Гүлдер») ойлайды. Бұл оның поэзиясының өмір сүйгіштігін таныта түседі. Осылай ақынның өлеңдерінде бірде жан жылытатын шаттық, бірде көз жасын ағызатын азап, қайғы сезіледі.
1944 жылдың 25 тамызында Берлиндегі Плётцензее түрмесінде Мұса Жәлел, фашисттерге қарсы ұйымының қатысушысы болып, тұтқындарға қашуға көмектескені үшін гильотинада жазаланды.
Патриот ақын, татар еліннің мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры өзінің шығармашылығымен, тым қысқа болса да, бірақ өте мәнді өмірмен, Отанға деген махаббатын, адалдығын дәлелдеді.
«Поэты молчат, за них говорят строки оборванные пулей.
За них стихи продолжают сегодня жить, любить и бороться.
Пусть же эти люди будут всегда близки нам, как друзья, как родные!
Память о них навсегда останется в наших сердцах!».