Ата-аналар жиналысы
«Қаратал негізгі мектебі» КММ
12 мамырда өткізілген ата-аналар жиналысы жайында анықтама есебі 2016-2017 оқу жылы
Қаратал негізгі мектебінде 12 мамыр күні сағат 1830-да жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 29 ата-ана, 15 мұғалім мен тәрбиешілер, еңбек ардагері ұстаз Сәружамал Байзырахманқызы, бұрынғы мектеп бітіруші түлектер қатысты. Алғашқы сөз мектеп директоры Қауа Шайкенқызына берілді. Ол білімдегі жаңалықтармен таныстырып өтті. Биылғы оқу жылыннда 1-сынып жаңартылған білім бойынша оқытылғанын, алдағы жылы 5 және 7 сынып жаңартылған білім бағдарламасымен оқитын болатындарын айтып өтті. Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша алдағы уақытта кейбір пәндерағылшын тілінде оқытылатын, яғни қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология , жаңа индустрия, жаңа экономика тілі екенін айтты. 1-сынып мұғалімі Мереке Ғазизқызы «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқытылу жағдайы мен ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқып, ондағы ерекшеліктерге, бағалау жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып өтті.Ата-аналар тарапынан жаңартылған жаңа мазмұндағы бағдарлама бойынша және үй тапсырмасы туралы сөз қозғалып, ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілді.
Қоғамдық кеңес туралы мақсатымен, оның міндеттері туралы ата-аналар тарапынан пікір туындады. «Қоғамдық кеңес» төрағасы мен мүшелері сайланып, оларға тапсырма берілді. Елдің түлектері мен жастарына «Менің мектебім, туған ел, туған жер» т.б. тақырыптары бойынша қолдау көрсетулерін айтты. Мектепке қажетті құралдармен, күрделі жөндеу беретіндеріне демеушілік жасайтындықтарына сенім білдірді.
Оқу ісінің меңгерушісі аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізудің дайындығы мен өзгерістеріне тоқталды, 9-сыныпта мемлекеттік емтихан 30 мамыр мен 9 маусым аралығында, 10-12 маусым күндері атттестат берілетінін айтты. Мектеп бітіру кешінің тұжырымдамасы таныстырылды.
ДТІЖО: Икенов Бауыржан Амангелдіұлы