Меню KDT

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2016-2017 О/Ж АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2017 ж. 16 мамыр күні мектеп психологы Султанбекова Б.М. «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»  атты тақырыбындағы конференция  өткізді. 


2017 ж. 16 мамыр күні мектеп психологы Султанбекова Б.М. «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»  атты тақырыбындағы конференция  өткізді.  Аталған конференцияға даярлық топ оқушыларының ата-аналары, тәрбие ісінің меңгерушісі Омарова Ф.Б., әлеуметтік педагог Исина Ф.Х.,  даярлық топ  жетекшісі Нурахметова Ш.У. қатысты.  Конференцияның алғысөзін  тәрбие ісінің меңгерушісі Омарова Ф.Б. бастады. Психолог Султанбекова Б.М.  даярлық топ ата-аналарымен «Қорап» атты тренинг өткізді.

«БЕЙІМДЕЛУ, БЕДЕЛ, БЕЛСЕНДІЛІК», «баланы мектепте оқытуға бейімдеу: ата-аналарға кеңестер», «жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесу»,  «өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне қатысты парасатты бола біліңіз», «балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында артық жүк артпауға тырысыңыз», «ата-ананың беделі»  тақырыбындағы бірнеше слайд-презентациялар көрсетілді.

Сонымен қоса ата-аналарға  «ата-аналардың теріс сөздері», «Айқайлайтын ата-аналар» атты бейнежазба көрсетілді.  Бұл бейнежазбаларды көру  арқылы бала өзіне ересектер қалай қараса, солай қарайтынын ата-аналар  түсінді.   Теріс сөздер баланың мінез-құлқын алдағы бірнеше жылға дейін бағдарламалай алады. Көп жағдайда ата-аналардың асығыспен, ойланбай айта салған сөздері директивтерге айналады (әрекеттерге, мінез-құлыққа, ойларға әмірлер) және баланың одан арғы дамуын айқындайды деген қорытынды шығарды.

Қорытынды ретінде ата-аналарға  балаларының есімдерінің әрбір әрпіне сәйкес  қандай қасиеттер тән болуы мүмкін екендігін ойланатын тапсырма берілді.  Бұл қасиеттерді әрбір әріптің жанына жазды.

Конференцияның аяғында қатты музыка қосылып, ата-аналар тұрып, қол соғып  және мектеп психологына ризашылықтарын білдірді.   

 

 

Мектеп психологы:              Султанбекова Б.М.


Комментариев нет
Просмотров: 524
Автор: b1214skobilim
Сайт: www.b1214.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.05.2017 в 00:00