Меню KDT

Соңғы қонырау-2017


2016-2017 оқу  жылындағы  өткен  25 мамыр соңғы қоңырау  салтанатты жиыны жақсы деңгейде ұйымдастырылды.Мереке барысында мектеп директоры Мусина А.Ж. оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап,мектеп бітіруші түлектерге сәт- сапар тіледі. ОІМ   Мусылманбекова А.Қ. оқушыларды құттықтап жыл бойы жеткен  жетістіктерін жариялап марапат қағаздарын тапсырды.Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары және сынып жетекшісі Жакенова Р.М. өздерінің жақсы тілектерін айтып құттықтады. 1 және 8 сынып оқушылары жас түлектерге арнап өлең жолдарын оқып,ән шырқады. Жас түлектер алтын ұя мектебіне және ұстаздарына арнап ән шашу,мектеп пен қоштасу вальсін билеп өз алғыстарын білдірді.  Соңғы қоңырау мерекесі  9сынып озат  оқушысы  Мұғди Аружан мен  1 сынып озат оқушысы  Жатай Елнұрдың  сыңырлата соққан соңғы қоңырауымен  аяқталды.

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 655
Автор: b0523skobilim
Сайт: www.b0523.sko-bilim.kz
Добавлено: 21.06.2017 в 00:00