Меню KDT

«Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!»


Қыркүйектің 9-ы  мектебімізде  «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!» атты іс-шара өтті. Дене тәрбиесі мұғалімдері Мухамедьяров Д.Б, Шайсултанов А.Б. және АӘД жетекшісі Мажитов Н.М   бұл іс-шараға жетекшілік етті. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Сағ 9.00.-де барлық мектеп оқушылары мен ұстаздар  саптық жиынға тұрып, салтанаты түрде ашылуы ұйымдастырылды. Гимннен бастау алған іс-шара шәкірттерді  елжандылыққа шақыруды мақсат етті. 8-сынып оқушылары  денсаулық тақырыбына арналған ұрандар тастады. Таңғы жаттығудан соң «Ерке қыз» бишілер тобының жетекшілігімен барлық қатысушылар флнш-мобқа қатысты. Жүргізілу ережесімен таныстырылған соң «Арқан тартыс», «Баскетбол», «Қол күрес» ойындары өтті. Таңғы кроссқа  ұстаздар мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.








                                          Каркошева М.Т. заместитель директора по воспитательной работе


Комментариев нет
Просмотров: 543
Автор: b126skobilim
Сайт: www.b126.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.09.2017 в 00:00