Меню KDT

Отбасы күні!


Жоспарланған жоспар бойынша биылғы жылы қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай,мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді.1-4 сынып аралығында асфальтта суреттер байқауы өтті. «Менің Отбасым» тақырыбында әр оқушы өзінің отбасын сурет бетіне салып,олардың жылы жүзін аша білді.» Сүйспеншілік тұратын үй» отбасы суреттерінің байқауы өтті.10-сынып оқушысы Рсжан Думан өз анасының суретін ақ қағазға түсірді. Бастауыш сынып және де орта буын аралығында дене шынықтыру  пәні мұғалімдері «Әкем-шешем және мен отбасымыз спортшыл» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен жарыс өткізді.1-орынды Шакабаевтар  отбасы және 2-орынды Ташеновтар  отбасы жеңіп алды.Жеңімпаздар мақтау қағаздармен,сыйлықтармен марапатталды.9 қыркүйек күні Денсаулық күніне байланысты 1-11 сынып аралығында спорттық ойындар өткізілді.Шараның соңы флешмобқа ұласты.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері жоғары сынып оқушыларынан  «Мен және менің отбасым»тақырыбында шығарма жұмыстарын алды.Оқушылар отбасының  жарастығы туралы өз ойларын аша білді.9-11 сынып оқушылар арасында «Отбасылық тәрбие»дөңгелек үстел  өткізілді.»Отбасы,осы сөзде қанша мағына»тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Психолог 9-10 сынып оқушылармен «Отбасы өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Отбасылық тәрбие беру жөнінде кеңес беру мақсатымен,ата-аналарға ашық  есік күні жарияланды.Ата-аналармен кеңес өткізілді.Жыл бойына ата-аналармен жұмыс жүргізу өз жалғасын табуда.

  





Комментариев нет
Просмотров: 469
Автор: b063skobilim
Сайт: www.b063.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.09.2017 в 00:00