Тілдер күніне арналған іс-шаралар
18 қыркүйектен бастап 22 қыркүйекке дейін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Тілдер онкүндігіне іс-шаралар өткізді.
Оның басты мақсаты : оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденімпаздық қасиеттерімен қатар қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде толық қарым-қатынас жасауға ұмтылыс жасау.
Әр түрлі жұмыстар арқылы оқушылар өз білімдерін жоғары көрсеткіште көрсете білді, осы жұмыстар арқылы мұғалімдердің шеберліктері байқалды.
18 қыркүйекте, оқушыларға Тілдер онкүндігі туралы хабарлады, іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бұл күні біздің елімізде тұратын ұлт өкілдерінің тілдер тарихы туралы мәлімет берді. Оқушылар өлең айтып, ән орындады.
Бірінші қабаттағы вестибюльде апталық туралы толық мәліметтерді енгізіп, оқушыларға сөзжұмбақты шешу, викториналық сұрақтар, ребустар және тағы да басқа тапсырмалар берілді. Бұл барлық оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын тудыру мақсатында жүргізілген жұмыстар еді. Оған жауапты мұғалім – Жакубаева Г.А.
19 қыркүйекте, бастауыш сынып мұғалімдері «Әй, жарайсың!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Бұл іс-шарада оқушылар қазақ тілінен өз білімдерін көрсете алды. Голодникова Рита мен Габдрахманова Альфия «Менің жерім» деген ән орындады, оқушылар жер, тіл туралы өлең айтты, сахналық көрініс көрсетті. Іс-шараның соңында оқушылар слайд тамашалады. Жауапты мұғалімдер Жақаева Ғ.Қ, Мейрамгалиева А.Қ., Жукенова А.Н.


20 қыркүйекте «Әдеп басы - тіл» ойынын Исаева А.Х. және Омарова С.Ш. өткізді. Бұл сайыста балалар көп мақал-мәтелдер біліп қана қоймай, оларды мәнерлеп айта білулері, жұмбақтар шешіп, мақалдарды толықтыру тапсырмалары көзделген еді.

22 қыркүйекте «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 11-сыныптар арасында интелекттуалдық сайыс өткізілді. Сайысты өткізген қазақ тілі мұғалімі Никляус Н.Е.
Сайыскерлер өздерінің білімдерін, сөйлеу қабілеттерін, көрсете білді. Бұл сайыста оқушылар өздерінің дайындап әкелген слайдтарын көрсетіп, оларды қорғады.

22 қыркүйекте «Қазақстан- достықтың мекені» атты фестиваль кешін өткізді. Іс-шарада балалар әр түрлі тілде өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп, жақсы орындады, сөйлеу қабілеттерін көрсете білді.
Жауапты мұғалімдер: Жетмекова С.С.; Жакубаева Г.А.


Әділқазылардың пікірлерінше, іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Шешім: Тілдер апталығы кезінде бірнеше қызықты іс-шаралар өткізілді. Жоғарыда көрсеткен іс-шаралар жоспарға сай өткізді. Барлық сайыскерлер грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.