Меню KDT

30 қыркүйек "Ұстаздар күні"

30 қыркүйек күні «№23 орта мектеп» КММ ұжымы Ұстаздар күніне орай салтанатты жиын өткізді.
  


      Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп,тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдін болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуінде. Осы егеменді елді өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.


                                                           

      Ел басымыз Н.Назарбаев болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген еді. Ендеше осы ауыр жүкті арқалап жүрген қадірлі  ұстаздардың мерекесі біздің мектебімізде де аталып өтілді. Мектеп директоры Мухамедиев Бейімбет Мухамедказинович  ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, зейнет жасына жеткен ұстаздарға ерекше ықыласпен рахметін білдірді. Құттықтаудың соңы ұстаздарға арналған гүл шоқтары мен  мектеп оқушылары дайындаған мерекелік кешке жалғасты. Бұл әрине мұғалімдердің ерен еңбегінің жанында кішкентай ғана сыйлық. Сондықтан, ұстаз болу-жүректің батырлығы деп бағалауға болады. 

                                                       


 


Комментариев нет
Просмотров: 592
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.10.2017 в 00:00