«Тіл-ұлттың тірегі»
№20 жалпы білім беретін орта мектебінде 25.09-02.10.17ж аралығында «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында тілдер мерекесі өткізілді.
№20 жалпы білім беретін орта мектебінде 25.09-02.10.17ж аралығында «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында тілдер мерекесі өткізілді.
Жыл сайын 22 қыркүйекте Республикамыздағы барлық ұлт өкілдері Тілдер күнін атап өтеді. Әрбір тілдің басқа ұлт өкілдерінің тілдерімен байланысты өзіндік тарихы, тағдыры бар. Тіл арқылы біз үнемі қарым-қатынаста боламыз. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде сыйластық, ұлттардың достығы, адамгершілік пайда болады. Халықтар достығының арқасында біздің қоғамымыз, тіліміз дами береді.
25.09.17ж күні «Тіл-ұлттың тірегі» тілдер мерекесінің ашылу салтанатты саптық жиын өткізілді. 26- қыркүйекте «Тіл барда айтылар сыр ойдағы» атты сөз мерген сайысы өткізілді. Мереке барысында көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды.

Тілдер мерекесінде өткізген іс-шараларымыз оқушыларда өзіне деген жауапкершілікті алуға қабілеттілік, шешімдерді бірлесіп қабылдауға қатысу, бірін-бірі құрметтеу, бірнеше тілді меңгеру құзыреттіліктері қалыптасты.