Меню KDT

Алтын күз

27 қазанда алтыншы сынып арасында күзгі балл мерекесі өтті.


Күз. Аяғыңның асты жүрген сайын сылдыр алтын теңгелердей сылдыр қаққан жапырақтар. Күзгі баққа кіргенде өзіңді алтынмен алтынмен апталған ертегі бағына кіргендей күй кешесің. 
Ағаш басындағы әр жапырақ анасынан айрылғысы келмеген баладай діріл қағып, қоштасқысы келмей мұңайып тұрғандай. Әр жапырақ судыр-судыр етіп өз тілінде бізге әлденені айтқысы келіп тұрғандай. 
Ал жерде жатқан қызыл, сары жапырақтар жаз бойы ағаш көркі болса, енді жердің көркі болып, әдемі түкті кілем жайғысы келгендей. 
Иә, күз құпиясы мен таңғажайыпқа толы ерекше жыл мезгілі. Молшылық пен берекенің, сағыныш пен табысудың, әдемілік пен көркемдіктің тамаша қиюласқан ең бір тартымды кезі. Сондықтан да көп адам осы мезгілді аса жақсы көреді. Осыған орай мектепте күз мерекесіне арналаған іс-шара өткізілді. Менің сыныбымның қыздары күз мерекесіне арналаған биін, біз жауапкершілікпен дайындадық. Ата-аналар бір үлгідегі киімге тапсырыс беріп, бізге үлкен қолдау көрсетті. Олардың көмегімен біз әрі қарай үлкен жетістіктерге жетеміз деген үміттеміз!!!








Комментариев нет
Просмотров: 848
Автор: b149skobilim
Сайт: www.b149.sko-bilim.kz
Добавлено: 30.10.2017 в 00:00