Меню KDT

Қарттар күні


Араларыңызда бүгінгі күнге дейін ел игі­лігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүргендер аз емес. Бүгінгі таңда республикамыздың әрбір оныншы тұрғыны – еңбекке қабілетті жас­тан асқан адамдар. Елімізде 2 миллионнан астам адам егде жастағылар болса, олардың қатарында зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар бар.

Бүгін біз қарттарымызға құрмет көр­сетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, олар­ды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, Мемлекет басшысының сөзі­мен айтқанда, «Біз бен сіздің парасатты парызымыз әрі қастерлі міндетіміз»!

2017 жылдың қазан айында Баян ауылында қарттар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.Ауылдық акимат басшылығымен қарияларға ас ұйымдастырылып,мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылды.




Комментариев нет
Просмотров: 397
Автор: b063skobilim
Сайт: www.b063.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.10.2017 в 00:00