«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 2017ж. 11 қараша күні «Болашаққа жол: Рухани жаңғыру» Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына 1- 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, барлығы 83 адам қатысты.

Күн тәртібі бойынша бірінші мәселеде мектебіміздің әлеуметтік педагогы Б.Х. Уразгалиева мен мектеп кітапханашысы А.Н.Ыбышева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» баяндамасын оқыды. Мектеп басшысы Б.К. Кишибаев баяндама қортындысында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Елбасы жолдауының «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ», «ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР» атты екі бөлім туралы кеңінен талдау жасады. Ата- аналарды мектеп өміріне атсалысуға, патриот ұрпақ тәрбиелеуге шақырды.
Екінші сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Нуртазина Р.Х. І тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысына сараптама жасады. Оқушылардың сабақ үлгерімі мен жетістіктеріне, оқу бағдарламасының қамтылуы мен жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігіне тоқталып өтті. «Күнделік» электронды журналы бойынша кең ауқымда түсіндіру жұмысын жүргізді.