Шағырсай негізгі мектебінде 25-қазан күні қартар айлығына орай «Қарттарым-асыл қазынам!» атты мерекелік кеш өтті.
Теги:
Мектеп ұстаздарымен оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өте жақсы өтті. Мерекелік кешке ауыл қарттары түгелдей қатысты,
оқушылардың дайындаған өлең мен билерін тамашалады. Мектеп директоры Искаков Қуаныш Серікұлы сөз сөйлеп қартарды мерекелерімен құттықтады. Келесі сөз қарттар арсынан Жарылғап ата сөз сөйлеп мектеп оқушыларына тілектерін білдірді. Мерекелік концерт аяқталғаннан кейін қариялар мектеп ұжымымен ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен дайындалған дастарханға жайғасты.
Комментариев нет
Просмотров: 290