"Балаға мейірімді Қазақстан!" халықаралық конференция
2017 жылғы 20-24 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Балалар мен жастарға арналған 111 Ұлттық сенім телефонының жұмысын танытуды, сондай-ақ шұғыл консультативтік, психологиялық, заң көмегін көрсететін сенім телефонына балалар мен жасөспірімдер арасында сенімділік деңгейін жоғарылатуға бағытталған "Сенім 111" бүкілқазақстандық сабақ өткізуге бастама жасалды.
Тәуліктің 111 сенім телефоны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен,PRI халықаралық түрме реформасының Орта Азиядағы өкілдігімен және Қазақстан жастар конгресімен ынтымақтастықта 2016 жылғы қараша айында құрылды.
Сенім телефонының жұмысы барысында, 7 мыңнан астам балалар мен жастарға шұғыл көмек, оның ішінде 2229 өтініш бойынша психологиялық көмек,711 өтініш бойынша заң көмегі көрсетілді.
Балалар мен жастар арасында суицидке ұмтылыстың 111 жағдайы, балаларға қатыгездікпен қараудың 42 жағдайы алдан алынды, үлкендер тарапынан сексуалдық зорлық -зомбылыққа ұшыраған 7 балаға психологиялық көмек көрсетілді.
Ұлттық және халықаралық сарапшылардың пікірлері бойынша сенім телефонының балаларға шұғыл психологиялық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысын кеңейтуді және жетілдіруді қажет ететін әмбебап әлеуметтік тетік болып табылады.
Осы хат негізінде ойын, тренинг элементтері бар сынып сағаттар өткізілді.