"Күзгі бал -2017"
Өндіріс орта мектебінде оқушыларға арналған "Алтын күз" мерекесі өтті. Мерекеге 1-11 сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің дайындаған шағын қойылымдарын қойып, әндері мен билерін көпшілікке ұсынды. Ал 5-11 сынып аралығында "Күз бал -2017" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты мектебіміздің ханзадасы мен ханшайымын анықтау болатын. Сайыс 6 турдан тұрды. Әр турға сайыскерлеріміз қызыға белсене қатысты. Биылғы оқу жылының "Ханзадасы мен Ханшайымы" аталымын 5 сынып оқушылары: Сапарғали Диас пен Ермек Қарақат иеленді.
Теги:
қараша
Комментариев нет
Просмотров: 323