Меню KDT

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні

«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесінде  іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.


«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесінде  іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектепалды  даярлық тобының жетекшісі Мұқажанова Г.Қ. ұйымдастыруымен «Тәуелсіз таңым атқанда» атты  ертеңгілік өтті. Сынып жетекшілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған сынып сағаттарын өткізді. 1-сынып жетекшісі Нұрмағанбетова Н. Б. «Менің Отаным - Қазақстан»  тақырыбында  ашық сынып сағатын өткізді. Тарих пәнінің  мұғалімдері Тоқышева Д. А. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған  7-8,10 сынып оқушылардың қатысуымен «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өткізсе,  Дүйсенова Б.Қ. 9-сынып оқушылар арасында  «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты танымдық сайыс өткізді. Жеңімпаздар мектепішілік мақтау қағаздарымен мараптталды. 15-қараша күні  5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға  арналған, аға тәлімгер Мажикеева Қ.А. ұйымдастыруымен, салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты мерекелік концер ұйымдастырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 517
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 19.12.2017 в 00:00