Меню KDT

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне-20 жыл , «Үздік гид-экскурсия жүргізуші» атты оқушылар арасындағы қалалық сайыс өткізіледі

2018 жылғы 8 қаңтарынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне-20 жыл , «Үздік гид-экскурсия жүргізуші» атты оқушылар арасындағы қалалық сайыс басталды. 

Сайысқа Астана қаласының 10-11 сынып арасындағы мектеп оқушыларының қатысуына мүмкіндіктері бар. Жұмыстар және өтінімдер электронды тасымалдаушыда қазақ, орыс тілдерінде 18 қаңтарға дейін syuturastana@mail.ru адресі бойынша қабылданады. Байқау 8-30 қантар аралығында өткізіледі.
Сайыс жеңімпаздарын марапаттау Орталықтың акт залында 2018 жылғы 30 қаңтарда өтеді.


Сайыстың мақсаты және міндеті:

- Қазақстанның елордасы Астана қаласы бойынша оқушылар арасында үздік гид-экскурсоводшыны анықтау.

- елордалық мектеп оқушыларының мәдени және білім деңгейін арттыру;

- Астана қаласының мәдени-тарихи мұрасын зерделеп үйрету;

- оқушылардың бойына патриоттық және азаматтық сезімді тәрбиелеу;

- экскурсия ұйымдастыру бойынша практикалық қызмет барысында оқушылардың қызығушылығын оятып, ынталандыру;

- жобалау-зерттеу әдістерін оқыту, жетілдіру және дамыту;

- оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, дамыту және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

- экскурсия жүргізу бойынша банк ресурстарын құру.

Сайыскерлерге қойылатын талаптар:
1. Арнайы түрде толтырылған (Қосымша №1) өтініш;
2. Экскурсия мақсаты мен міндетін көрсету;
3. Экскурсия толық мәтіні. Материал көздері бойынша мұқият тексеріліп ашылған тақырыптар;
4. Маршруттың қозғалыс бағытын, қажетті уақыт қозғалысы және аялдамасы атаулы карта-схема көрсету;
5. Әдебиеттер тізімі;
6. Сайысқа ұсынылған бағыт Астана қаласы және оның төңірегінде болуы тиіс;
7. Экскурсия ұзақтығы 40 мин -2 сағат, қозғалыс түрлері жаяу, автобус, велосипед, аралас және т.б.

Сайыстың практикалық бөлігі 25-26 қаңтарда өткізіледі. Экскурсияның қорытындысы бойынша 3 үздік экскурсовод анықталады.

Байқау бойынша Ереже Ереже, Положение Положение (рус)


Комментариев нет
Просмотров: 589
Автор: yuntur_astana
Сайт: yuntur.cms.kdt.kz
Добавлено: 09.01.2018 в 00:00