Мүтәлләп Қанғожиннің 80-жыл толуына орай өткізілген іс-шара
30 қаңтар күні Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінде «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын, жерлесіміз Мүтәлләп Қанғожиннің 80-жыл толуына орай «Жыр жұлдызын жайнатқан ақын» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге 8-9 сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, мектеп кітапханашысы қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
-Мүтәлләп Қанғожиннің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру;
- өте өзекті болып отырған заман талабына сай журналист мамандығы туралы айту;
-Мүтәлләп Қанғожиннің шығармашылығы арқылы жас ұрпақты өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел бағдарламасы:
- «Мүтәлләп Қанғожиннің өмірбаяны» – қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Укиенова Ғ.С.
- М.Қанғожиннің шығармашылығы – мектеп кітапханашысы Кусаинова Г.К.
- «Жыр пайғамбары атанған ұлы ақын Мағжан Жұмабаев» жайлы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибраева А.К.
- «Ақ қайыңдар аралы» жинағы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Байбусинова С.С.