Меню KDT

Қазақстан мұражайлары

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жалпы білім беретін №72 мектеп-лицейінің 2017-2018 оқу жылындағы «Туған жер», «Туған ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты аясында3 «Ж»сыныбында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, жас маман Толоухан Дамеля «Қазақстан мұражайлары» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рухани жаңғырудың басымдық идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақстан мұражайлары жайлы мағлұмат бере отыра, оның тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау болды.

Сабақ,2017 жылы сәуір айында мектеп басшысы Қазақстан Республикасының білім үздігіЖусупова Гүлсім Асыловна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистріАдильбекова  Жанар Советхановнаның идеясымен ашылған  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы атындағы мұражайда өтті.

Сабақ барысында Тәуелсіз еліміздің ұрпақтары мәдениетаралық білімдері мен зерттеушілік дағдыларын , сонымен бірге сыни ойлау қабілеттерін  «Ғажайып қалта», «Фишбоун», «Ойлан, тап!» атты жұмыс түрлерін көрсетті. Оқушыларымыз қазақ елінің абыройын асқақтата алатын ,болашаққа жауап беретін, намысты, жігерлі азамат болады деген сенімдеміз.

Мақала жазған:Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ӘБ меңгерушісі,  филология ғылымдарының магистрі Шайсултанова Сажида Кожахметовна

Комментариев нет
Просмотров: 55
Автор: 72mektep
Сайт: www.72.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.02.2018 в 00:00