Латын әліпбиіне өзгеріс енгізу туралы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ ұжымы атынан пікір
Латын әліпбиіне өзгеріс енгізу туралы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына
«№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ ұжымы атынан
пікір
Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай көтеріліп келеді. Бүгін Елбасымыздың жаңа латын әліпбиін бекіту туралы жарлығы шықты. Бұл жарлықтың мазмұнымен танысып, біздің мектеп ұжымы оны талқыға салды. Бұның алдында шыққан әліпби көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Ал жаңа нұсқадағы латын әліпбиі көңілден шығып отыр. Себебі қазақ тіліне тән 8 әріптің жазылуына өзгеріс енгізіп, екі диграф қосылған. Сонымен қатар, апостраф алынып тасталған. Елбасымыздың бекіткен латын әліпбиін біздің ұжым бірауыздан қолдайды.
Латын қарпінің бізге берері мол. Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Екіншіден, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Үшіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Тарихқа көз жіберер болсақ, біз 3 әліпбиді ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідей газет-журнал, компьютер, технология болған жоқ. Соған қарамастан, халық басына түскен қиындықты еңсере білді. Ал бүгінде шүкір делік, заман орнады. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан –жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық тумайды. Біз, қазақстандықтар көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймыз.
20.02.2018 жыл «№ 17 ұлттық өркендеу орта
мектеп-кешені» КММ ұжымы