Меню KDT

Х.Бектұрғанов атындағы №3 Мамлют орта мектебінде латын әліпбиіне көшу туралы талқылау болды


 

2018 жылдың қаңтар айында «Мамлют №3 орта мектебі» КММ ұжым қызметкерлерімен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бойынша насихаттау іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Латын әліпбиі болашаққа қадам» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Бұл іс-шараға мектепке дейінгі мекеменің педагогтары, педагогтар қатысты.Жалпы 28 адам қатысты.

Түсіндіру жұмысын мектеп директоры  Е.Ш.Габбасов бастады: Әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды. Ал егер әңгіме Қазақстан Республикасының негізін құрайтын қазақ халқының тілі, еліміздің мемлекеттік тілі болып табылатын тіл жайында жүріп жатса, бұл үдерістердің маңыздылығы одан сайын арта түсетіні айқын.

Латын  әліпбиіне көшу келешек ұрпағымыздың  болашағын  жарқын  қылып, жастарға  заманауи  ғылым мен білімді  меңгеруге зор мүмкіндік береді.Мемлекетіміздің  сапалы түрде дамуына оң әсерін береді деген ойдамын.

Тарих пәнінің мұғалімі  Р.Р. Жумагулов: Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулықмәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.

  • Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه)
  • Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن)
  • Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8]

Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.

А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.

Биология пәнінің мұғалімі  Л.Н Михеева: Қазір қазақ тілінде орыс әліпбиінің 33 әрпі және 9 төл дыбыстар бар.Латын әліпбиі 26 –ақ әріптен тұруы мүмкін емес.Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің дамуына әсер етеді. 20-40 жылдары қазақ тілі  латын қарпін  пайдаланған. Латын әліпбиіне көшу кирилицаны пайдалануды  жоймайды. Жастарымыз латын  әліпбиін  тез меңгеріп алады деп ойлаймын.

Теги:  2018 жылдың қаңтар айында «Мамлют №3 орта мектебі» КММ ұжым қызметкерлерімен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бойынша насихаттау іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Латын әліпбиі болашаққа қадам» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Бұл іс-шараға мектепке дейінгі мекеменің педагогтары, педагогтар қатысты.Жалпы 28 адам қатысты. Түсіндіру жұмысын мектеп директоры Е.Ш.Габбасов бастады: Әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды. Ал егер әңгіме Қазақстан Республикасының негізін құрайтын қазақ халқының тілі, еліміздің мемлекеттік тілі болып табылатын тіл жайында жүріп жатса, бұл үдерістердің маңыздылығы одан сайын арта түсетіні айқын. Латын әліпбиіне көшу келешек ұрпағымыздың болашағын жарқын қылып, жастарға заманауи ғылым мен білімді меңгеруге зор мүмкіндік береді.Мемлекетіміздің сапалы түрде дамуына оң әсерін береді деген ойдамын. Тарих пәнінің мұғалімі Р.Р. Жумагулов: Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулықмәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. • Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه) • Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن) • Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8] Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады. Биология пәнінің мұғалімі Л.Н Михеева: Қазір қазақ тілінде орыс әліпбиінің 33 әрпі және 9 төл дыбыстар бар.Латын әліпбиі 26 –ақ әріптен тұруы мүмкін емес.Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің дамуына әсер етеді. 20-40 жылдары қазақ тілі латын қарпін пайдаланған. Латын әліпбиіне көшу кирилицаны пайдалануды жоймайды. Жастарымыз латын әліпбиін тез меңгеріп алады деп ойлаймын.

Комментариев нет
Просмотров: 729
Автор: b0813skobilim
Сайт: www.b0813.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.02.2018 в 00:00