Меню KDT

Алғыс айту - парызымыз!

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Осы күнге орай Дауқара орта мектебінде «Алғыс айту – парызымыз!» атты мерекелік кеш өтті.


 Мерекелік кешке көрші Егінді Ағаш орталу мектебінің  ұстаздары мен оқушылары шақырылды. Келген қонақтарға мектепішілік саяхат жасап, оқушылардың ұйымдастыруымен қойылған концерті тамашалады. Кеш мектеп директоры А. Нұрпейісовтың құттықтау сөзінен басталып, психологінің «Амандасу», «Танысу» тренингтерімен жалғасты. Қонақтар алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін  де көрсетті. Мереке соңында қонақтарға естелік сыйлықтар беріліп, дастырхан жайылды. Алғыс айту күні жоғары дәрежеде  өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 325
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 02.03.2018 в 00:00