Госаттестация: продолжить, отложить, отменить?
М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің директоры Е.Т. Баржаксин
Мектептердегі мемлекеттік аттестация туралы пікір:
Бүгінгі күні білім аласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер болып жатыр. Енгізіліп отырған жаңартылған оқу бағдарламасы да мұғалімдер мен ата-аналар арасында әртүрлі пікір туғызып отыр. Осыған қарамастан мұғалімдеріміз аянбай, уақытпен есептеспей еңбек етуде. Ал енді аталып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, мемлекеттік аттестаттау мектептің 5 жылдық жұмысын жүйелеп, сараптама жасап отыру үшін қажет деп ойлаймын. Бірақ осы аттестация нәтижесі бойынша мұғалімнің кәсіби деңгейіне күмән туғызу дұрыс емес. Аттестация өтеді, сараптама жасалады. Мұғалімнің жүйкесін тоздырып отырған мектептер арасындағы мониторинг. https://bilimdinews.kz/
Ой пікір
Бес жыл аралығында мектеп ішіндегі болатын аттестация мұғалімдер үшін қажет деп ойлаймыз. Оқушылардың білім деңгейі тексеріс кезінде қортылып, бағаланады. Сол уақытқа дейінгі білім деңгейлері аттестация кезінде қатал бағаланып, оқушылар алған білім қадағаланады. Сонымен қатар, мұғалімдердің бес жылғы іс- тәжірбиелері жинақталып, бір қалыпқа келеді. Біздің ойымызша мектепте өткен аттестацияда кеткен қателіктер мұғалімдердің әрі қарай жұмыс істеулеріне, ізденулеріне түрткі болады. Сондықтан да мектепте өтетін бес жылғы аттестация қажет деп ойлаймын.
Шалабаева Жанат Сериковна
https://bilimdinews.kz/