Меню KDT

« Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен»

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында  1 наурыз күні « Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен» ертеңгілігі өтті.

Мақсаты: балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған , заман  талабына сай білімді, жігерлі тұлға етіп тәрбиелеу.


«Балдәурен» шағын орталығы

Тақырыбы: « Менің Отаным Қазақстан – алғыс және сүйіспеншілікпен» ертеңгілігі

 

Мақсаты: балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған , заман  талабына сай білімді, жігерлі тұлға етіп тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүлдер, суреттер мен буклеттер.

Кіріспе:

Алғыс айтам, халқым, елім, жұртыма

Жылдан-жылға жетейікші бір туа

Бірлігіміз налымасын ешқашан

Еш кінарат түспес Елім шырқыңа

 

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14-қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні  1-наурызды  елімізде  Алғыс  айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының  бір-біріне құрмет білдіретін күні.

         Шаттық шеңбері

Алғыс – адамның- адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Ән «Ризамын»

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген  жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.

 

 

 

 

 

 

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық  идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын  Қазақстан халқы  Ассамблеясының күні.

Би: «Гүлдер»

Қазаққа дархан рахмет!

 


Комментариев нет
Просмотров: 295
Автор: b069skobilim
Сайт: www.b069.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.03.2018 в 00:00