Меню KDT

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы


                                     Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы

 

    Біздің мектепте 09.04 – 16.04.2018 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өткізіледі. Осы іс – шараға барлық қазақ тілі пәні мұғалімдері жауапты. Олардың барлығы ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларын өткізіп, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтатуды көздейді.

    9 сәуір күні бастауыш, орта  және жоғарғы буындарда апталықтың салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Бастауыш буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Байжарасова Сымбат Ашимкановна өткізді. Ол бастауыш буында бірінші, екінші ауысымды да қамтыды. Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік Гимннен басталып,  өзге ұлт оқушыларының жүрекжарды өлеңдерімен жалғасты, оқушылар ән айтып, би биледі.

    Бірінші ауысымда жоғарғы буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Нұрахметова Күлжамал Байжанқызы өткізді. Оқушылар іс-шарада Абайдың шығармашылығынан үзінді оқыды. Апталықтың жоспары таныстырылды.

    Екінші ауысымда орта буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Имажанова Салтанат Утюбаевна және Джанглышева Карлыгаш Амангельдиновна өткізді. Оқушылар іс-шарада өлең оқыды. Апталықтың жоспары таныстырылды.

    Мектеп оқушылары мен ұстаздары апталық жоспары туралы толығымен ақпараттандырылды.

 

                                        ӘБЖ-сі: Нурмагамбетова Жибек Кабденовна












Комментариев нет
Просмотров: 476
Автор: 21mektep
Сайт: www.21.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.04.2018 в 00:00