Аудандық «Бала тілі-бал» байқауы.
«Жалын» командасы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОМҒА ие болды
Бүгін сәуірдің 27-сі күні Уәлиханов ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Астананың 20 жылдығына арналған және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында аудандық «Бала тілі-бал» байқауын өткізді. Осы байқауға Бидайық орта мектебінің 1-сыныптан бес оқушы мен сынып жетекшісі Нургазина Ш.А. «Жалын» командасы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОМҒА ие болды. Осы байқаудан кішкентай бүлдіршін оқушылар аудан көлемінде алғашқы жетістікке жетіп, жүлдегер атанғандарына қатты қуанды. Мұндай шығармашыл оқушылардың жетер биіктері көп болсын демекпін.
Нургазина Ш.А.

