Меню KDT

ЭКО "МИРАС"


2018 жылдың 27 сәуірінде №1 Новоишим орта мектебінің акт залында Қазақстан халықтарының бірілігі күніне арналған «Күшіміз бірлікте» атты халықтар достығының фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты оқушылардың өзге ұлттардың өміріне, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. 
Іс-шара барысында біздің ауданымызда тұратын 10 ұлттың әндері шырқалып, билері биленді. Атап өтсек, қазақ, орыс, украин, белорус, неміс, өзбек, әзербайжан, армян, татар, чечен ұлттарының өнерлерін 1-10 сынып оқушылары жайып алға салды. Сонымен қатар іс-шара барысында осы ұлттардың қолөнер бұйымдары қойылған көрмелер ұйымдастырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 626
Автор: b0916skobilim
Сайт: newischim1-sko.edu.kz
Добавлено: 28.04.2018 в 00:00