Меню KDT

Ерліктеріңіз мәңгі жадымызда

    Дауқара  орта мектебінде Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне 73 жылдығына арналған жоспар құрылып, іс-шаралар өтті.


    Дауқара  орта мектебінде Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне 73 жылдығына арналған жоспар құрылып, іс-шаралар өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Жахиена А.А. мен Киманова Г.О. «Ерлік даңқы мәңгілік» тақырыбында ертеңгілік,  5-11сынып жетекшілер Жеңіс Күніне арналған тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. «Жұлдыз» патриоттық балалар қозғалысының ұйымдастыруымен  9-10 сынып оқушылары тыл ардагері Рымбала  әжей үйіне барып, үйдің ауласын жинастырды, жетекшісі аға тәлімгер Мажикеева Қ.А. 5-мамыр күні ауылымыздың тыл ардагерлері мен қарияларына «Ерліктеріңіз мәңгі жадымызда»  атты  мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастырхан жайылды. 9-мамыр күні  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш алаңында салтанатты митингі, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 398
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.05.2018 в 00:00