Меню KDT

7 қараша күні Чернигов орта мектебінде ата-аналар қауымдастығының алдында қоғамдық тыңдау тұжырымдамасы өткізілді.

7 қараша күні Чернигов орта мектебінде ата-аналар қауымдастығының алдында қоғамдық тыңдау тұжырымдамасы өткізілді. Жиналыс барысында тұжырымдамада берілген сұрақтар бойынша баяндамалар оқылды


7 қараша күні Чернигов орта мектебінде ата-аналар қауымдастығының алдында қоғамдық тыңдау тұжырымдамасы өткізілді. Жиналыс барысында тұжырымдамада берілген сұрақтар бойынша баяндамалар оқылды. Мектеп директоры Амангельдиева С.С ата-аналар қауымдастығының алдында қоғамдық тыңдау тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері жайлы мағлұмат беріп, әр тоқсан сайын өткізілетінін ескертті.Оқу ісінің меңгерушісі Шотбаева Ш.А "Мемлекеттік және жергілікті деңгейде қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттар туралы" баяндама оқып,І тоқсан бойынша оқу сапасы жайлы ақпарат берді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Нурсеитова Д.Н 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген "Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері" туралы көрсетілім арқылы түсінік берді.

Теги:  Жиналыс, Чернигов орта мектебінде, 7 қараша күні

Комментариев нет
Просмотров: 395
Автор: b124skobilim
Сайт: www.b124.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.11.2018 в 11:19