Меню KDT

19.11.-24.11.2018ж аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында экология апталығы

Астана қаласы Ұшқыштар 8/1 мекенжайында орналасқан «№ 45 орта мектеп»ММ 19.11.-24.11.2018ж аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында экология апталығы жүрді.


Астана қаласы Ұшқыштар 8/1 мекенжайында орналасқан «№ 45 орта мектеп»ММ 19.11.-24.11.2018ж аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында экология апталығы жүрді. Апталық кезінде оқушылар мен ата- аналарға «Жасыл экономика» негізінде жасалып жатқан   «FGRIPP Business Group» ЖШС-нің қоқыс қалдықтарын жинауға арналған жәшіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, ақпарат берілді. Ата- аналар да оқушылар да экологиялық және экономикалық  тиімді шараға белсене қатысты. Қоқыс қалдығының арнайы жәшіктерінің түсімен танысып, үлкен қолдау білдірді. Балалар «Үлкендерге айтар уәжіміз» атауымен көрші- көлемдермен, басқа да ересек адамдармен осы тақырып бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізді. Сенбі күні акция қорытындысы жасалды. Белсенді қатысқан сыныптар аталып, алғыс айтылды. Мерекелік флешмобпен апталық жұмысы қорытындыланды.















Комментариев нет
Просмотров: 467
Автор: 45mektep
Сайт: www.45.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.11.2018 в 13:21