Меню KDT

«Жер Ана – ортақ үйіміз, табиғат – тылсым жұмбағы»

Желтоқсан айының 4-7 күндері аралығында Астана қаласының 
№26 мектеп –гимназиясында «Жер Ана – ортақ үйіміз, табиғат – тылсым жұмбағы» атты химия, биология, география, тарих пәндерінен пәндік апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: оқушылардың химия, биология, география, тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы арттыру. Пән мұғалімдері қойған мақсаттарына жетті. Апталық бойы оқушылар өткізілген ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс шараларға белсене қатысып, білімдерін тереңдетті.

Апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, география пәнінен 05.12.18. күні өткізіліген «Знатоки географии» атты викторинаға 7 «б», 8 «в» сынып оқушылары қызығушылықпен қатысып, тиісті орындарына ие болды.
Химия пәнінен 05.12.18. күнгі «Жаратылыстану ғылымының білгірлері» атты сыныптан тыс іс шараға 8 «а» сынып оқушылары қызыға қатысып, орындарға таласқа түсті.
06.12.18. күні 5-9 сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен «Колесо истории» квест ойынын ойнап, білімдерін шыңдады. 06.12.18. биология пәнінен «Брейн ринг» интеллектуалды ойыны өткізілді. 8 «а», 9 «а» сынып оқушылары сайысқа түсті.
07.12.18. күні 7 «ә» сынып оқушыларымен «Тарих қадамдары» атты ойын сабағы өтті.
Апталық барысында 5 «б», 5 «в» сынып оқушылары Ұлттық мұражайының кітапханасына саяхатқа шығып, өткізілген іс шараларына белсене қатысып келді. 
Іс шаралардың барлығы қызықты өтті, балалар белсенділік танытты. 
Пән апталығының жабылу салтанатында апталық қорытындыланды, мектеп белсенділері марапатталды

Комментариев нет
Просмотров: 174
Автор: 26mektep
Сайт: www.26.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.12.2018 в 13:05