Меню KDT

Жалпы ата-аналар жиналысы

Бүгін №26 мектеп-гимназиясының көрініс залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.


Бүгін №26 мектеп-гимназиясының көрініс залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Жангазакова К.Е. келген ата-аналарды жаңа жылмен құттықтап, бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың қорытынды есебімен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Курманова А.М. ата-аналарға бірінші жартыжылдық бойынша оқушылардың білім сапасымен сөз сөйлесе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразбаева Г.Б. тәрбие бөлімі бойынша атқарылған іс-шаралар жайлы есеп берді. Қамқоршылық кеңес мүшесі Рамазанова М.М. бірінші жартылылдықта атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Жиналыс соңында жыл көлемінде мектеп жұмысына ерекше жаңашырлық танытқан ата-аналар: Ж.Ж.Ахметов; Н.С.Пескова; И.А. Баукованы мектеп директоры алғыс хаттармен марапаттады.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі  әрбір ата - ананың қолында.


Комментариев нет
Просмотров: 163
Автор: 26mektep
Сайт: www.26.astana-bilim.kz
Добавлено: 07.01.2019 в 13:50