Меню KDT

Талқылау жалғасуда!


«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаңтар айында ҚР Үкіметінде, ал ақпан айында ҚР Парламентінде қаралады. Заңдарға ағымдағы 2019 жылдың маусым айында қол қойылады. ҚР Білім және ғылым министрлігімен «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленді. Болашақ заңның мазмұнын кеңінен талқылау мақсатында БҒМ сайтында және «Білімді ел» — «Образованная страна» газетінде ««Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау» тақырыбында арнайы айдарлар ашылды. Заң жобасы ел мұғалімдерін жоба мазмұнымен таныстырып және талқылап, оларға өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беру мақсатында WhatsApp-таралым арқылы барлық чаттарға бағытталды. Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мұғалімдер ұжымдарында заң жобасы белсенді түрде талқылануда. Заң жобасы бойынша 8 мыңнан астам ұсыныстар келіп түсті. 2018 жылдың желтоқсан айында аталмыш заң жобасы Алматы қаласының педогогтері арасында кеңінен талқыланды.


Комментариев нет
Просмотров: 242
Автор: b055skobilim
Сайт: www.b055.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.01.2019 в 09:32