Меню KDT

Алматыда оқушылар арасында робот құрастырудан чемпионат өтті


Алматыда мектеп оқушылары арасында робот жасаудан республикалық IV «IITU Robocon Games» чемпионаты өтті. Бұған дейін қалалық, облыстық деңгейде өткен байқау биыл алғаш рет еліміздің аймақтарынан келген дарынды балалардың басын қосты. Әріптесім Гүлжан Көленқызы жалғастырады. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған байқауда ел аймақтарынан келген 30 команда өздері жасаған роботтарын көрсетті. Байқауда Arduina (ардуина) базасы негізінде пультпен басқарылатын және енгізілген бағдарламаны автоматты түрде жүзеге асыратын роботтардың белгілі бір уақытта тапсырманы орындау ептілігі мен командалық бірлік бағаланды.


Комментариев нет
Просмотров: 280
Автор: b055skobilim
Сайт: www.b055.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.01.2019 в 14:25